Астаналық кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әлеуметтік желілердің мониторингі барысында кәсіпкерлер орналастырған жарнамалық объектілерді негізсіз алып тастау фактілерін анықтады.
Елорда әкімдігі елорданың бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін бұзатын объектілер бойынша алып тастау жұмыстарын жүргізу кезінде жарнама туралы заңнаманың нормаларын ескермеді, осылайша кәсіпкерлердің құқықтары бұзылды.
Мұндай фактілер анықталған кезде аудан әкімдіктері кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Атап айтқанда, олардың атына белгілі бір мерзіммен бұзушылықтарды жою туралы хаттар мен ұсынымдар жіберіледі.
Ағымдағы жылдың 13 мамырында "Antikor ortalygy" алаңында аудан әкімдері орынбасарларымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен жергілікті атқарушы органдардың жарнама объектілерін тиісті түрге келтіру жөніндегі жұмысын ұйымдастырудың проблемалық мәселелері бойынша бірлескен кездесу өткізілді.
Өткізілген кездесулерден кейін әкімдік ғимараттардың қасбеттеріндегі орналастырылған маңдайшаларды, жарнамалық объектілерді және өзге де хабарландыруларды, жазулар мен суреттерді бөлшектеу жұмыстарын тоқтатты.
[xfvalue_img]