Антикор тәртіп сақшыларына сыбайлас жемқорлық шектеулерін түсіндірді
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды аспектілері талқыланды.
Семинарда Департамент басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында заңнамалық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Атап айтқанда, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына сыйлықтар алуға тыйым салынғандығы, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамы кеңейтілгендігі және пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғандығы түсіндірді.
«Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мүлдем жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасаса, олардың тікелей басшылары да жауапкершілікке тартылады,» деді Біржан Хайруллин.
Егер, сізге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 номеріне хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
[xfvalue_img]