ҚР ИИДМ мен Еуроодақ өкілдігі бизнеске арналған бірқатар ірі іс-шараны ұйымдастырады

ҚР ИИДМ мен Еуроодақ өкілдігі бизнеске арналған бірқатар ірі іс-шараны ұйымдастырады

Оған 100-ден астам қазақстандық және еуропалық кәсіпорын қатысады деп көзделген Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында аса қажетті шикізатпен қамтамасыз ету саласындағы меморандум шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР-дағы ЕО өкілдігімен бірлесіп, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің ауқымды кездесулерін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мәселен, 1-3 шілдеде министрлік өкілдері Өскемендегі металлургия зауыттарына барса, 4 шілдеде Астанада 27 қазақстандық және 22 еуропалық компанияның қатысуымен «Қазақстан-Еуроодақ: аса қажетті шикізат саласындағы бизнес серіктестігі» форумы өткізіледі.

Сонымен қатар 13-17 қарашада Брюссель қаласында маңызды кездесу өткізу жоспарланған. Бір аптаға жалғасатын іс-шараны Еуропалық Комиссия ұйымдастырады. Ал биылғы Raw Materials Week-те Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған арнайы іс-шараны ұйымдастыру межеленіп отыр. Онда 100-ден астам салалық бизнес кәсіпорынның өкілдері кездеспек.

Бұл ретте қазақстандық сарапшылар еуропалық кәсіпорындардың талаптары мен қажеттіліктері жөніндегі мәліметтермен мейлінше қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан да мұндай кездесулердің жаңа бірлескен жобаларды іске асыруда пайдасы зор.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның индустриялық стратегиясы қосылған құны жоғары өнім шығарып, технологиялық тұрғыда дамыған өнеркәсіпті құруға бағытталғанын айта кеткен орынды. Айталық, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 2029 жылға қарай 1,5 есеге ұлғайту көзделіп отыр.

Аса қажетті минералдардың қатарына кобальт, магний, тантал, платина, палладий, литий, ниобий, ванадий және т. б. элементтер кіреді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.