25 жастағы Тараз тұрғыны өз үйінде марихуана есірткісін сақтаған
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар өсімдік тектес заттар табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана есірткісі болып табылады, оның жалпы салмағы- 4 келі 903 грамм.
- Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады,-деп хабарлады Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]