Жамбылдық полицейлер"Бақытты балалық шақ" мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Байзақ ауданының орталық саябағында "Есірткісіз болашақ" ұранымен "Бақытты балалық шақ" атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.
Ұйымдастырушылар – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігі және мемлекеттік органдар қызметкерлері – аталған іс-шараның нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында өтіп жатқанын атап өтті.
Балалар спорттық жарыстарға, шығармашылық байқауларға, би флешмобына белсене қатысып, асфальт жолға түрлі суреттер салды.
Ата-аналар мерекені ұйымдастырушыларға алғыс айтып, мұндай іс-шаралар ерекше сезімге бөлеп, керемет көңіл-күй және шабыт сыйлайтынын баса айтты.
- Бұл тек балалар үшін ғана емес, біз үшін де ерекше мереке. Балалардың бақыты мен шынайы күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Ата-аналарға шыдамдылық, мейірімділік пен риясыз қуаныш тілегім келеді. Балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін ересектер жауапты екенін ұмытпаңыздар, - деп сөзін түйіндеді Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]
19 пікір