Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері ҰОС ардагерлерін ұлықтау шарасына қатысты
Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы Руслан Уразбаев және сала ардагерлері мен ҚАЖ қызметкерлері ҰОС ардагерлерін ұлықтау, тағзым ету шарасына қатысты.
Іс-шараға қатысқан Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, барлық жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмір, елімізге тыныштық тілеп, сонау сұрапыл соғыс жылдарында қасық қаны қалғанша елі мен жері үшін күрескен батыр бабаларымыздың ерлігін айтып, тағзым етті.
Еркіндікті қорғап, ұрпақтарына бейбіт күн сыйлаған Отан қорғаушыларға бас иіп, құрмет көрсеткен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов және басқа да күштік құрылымдармен бірге Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы Руслан Уразбаев бастаған ҚАЖ қызметкерлері «Мәңгілік алау» ескерткіші алаңында соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Содан кейін Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды ескерткішінің басына гүл шоқтарын қойды.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]