ЕАЭО аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің жоғары шегінің қолданылуы ұзартылды

ЕАЭО аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің жоғары шегінің қолданылуы ұзартылды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы
30 наурыздағы № 30 Шешімімен «Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Шешімімен көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегінің қолданылуы 2023 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Осы шешіммен 2023 жылғы 1 қазанға дейін бажсыз әкелу шегі құны 1000 еуроға баламалы сомадан аспайтын және салмағы 31 кг-нан аспайтын жеке пайдалануға арналған мына тауарларға қатысты қолданылатыны анықталды:

- тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарлар;

- алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін жолжүк әуе немесе жаяу тәртіптен басқа көлік түрлерімен әкелінетін тауарлар.

Осылайша, тасымалдаушы жеткізетін, халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін, сондай-ақ алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін жолжүкте әуеден басқа көлік түрлерімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты 1000 еуро және 31 кг шегінде бажсыз әкелудің жоғары шегі қолданысын жалғастыруда және мұндай таурларға кедендік төлемдер салынбайды.

Көліктің әуе түрімен жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегі әлі де 10 000 еуроны құрайды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.