2022 жылғы 1 қазанға дейін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық шектері өсті

2022 жылғы 1 қазанға дейін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық шектері өсті

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық жаңа ұлғайтылған шектері 2022 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімге қолданылатынын хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» Шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 59 Шешім қабылдады.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2022 жылғы 18 сәуірде жарияланған).

Шешіммен 2022 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігінен ерекшеленетін көлік түрлерімен бірге алып жүретін және (немесе) бірге алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық шектерін 500 евродан 1000 евроға дейін және 25 кг-нан 31 кг-ға дейін арттыру көзделген.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегін мұндай уақытша арттыру Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін енгізіледі. Армения Республикасында бұл шектер бұрынғы деңгейде қалады.

Көрсетілген кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігінен ерекшеленетін көлік түрлерімен бірге алып жүретін және (немесе) бірге алып жүрмейтін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға 1000 евро және 31 кг шегінде кедендік төлемдер салынуға жатпайды.

Бұл шек уақытша негізде – 2022 жылғы 1 қазанға дейін ұлғайтылды. Осылайша, 2022 жылғы 28 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде, егер багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны 1000 евро сомасынан асатын болса және (немесе) олардың салмағы 31 кг-нан асатын болса, алушы кедендік бажды құнының 30% мөлшерінде, бірақ құндық және (немесе) салмақтық нормалардан асып кету бөлігіндегі салмақ бойынша
1 кг үшін 4 евродан кем емес мөлшерде төлеуі қажет.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.