Автокөлік ұрлаған Тараз тұрғыны Талас ауданында ұсталды
2023 жылдың 24 наурызында түнгі сағат 03:07 шамасында Тараз қаласы Полиция басқармасының «102» арнасына қала тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлға ықшам аудандағы үй маңында орналасқан автотұрақтан ақ түсті «Тойота Альфард» автокөлігін айдап кеткені туралы шағымданған.
Аталған дерек бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментімен облыс аумағында бағыттама жасалды.
Бағыттамаға сәйкес Талас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде күдікті ретінде 29 жастағы бұрын сотты болған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтан айғақ зат ретінде ұрланған автокөлік тәркіленді.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иемденіп алу, айдап әкету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға автокөліктерін үй аулаларына, автотұрақтарға қалдырған кезде күзет қызметіне мұқият болуды, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа қоймауды, құжаттар мен құнды заттарды көлік ішіне сақтамауды ескертеді.
[xfvalue_img]
31 пікір