Сарапшылар ветеринарлық қызметті реформалау мәселесін талқылады

Сарапшылар ветеринарлық қызметті реформалау мәселесін талқылады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде сарапшылар Қазақстанның ветеринария саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. 

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы ветеринариялық қызметті реформалауға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған жоспарланған заңнамалық өзгерістер туралы айтты. Атап айтқанда, Асқар Жақыпбаев парламентарийлер орталық пен өңірлер арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажырату, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардан өзіне тән емес функцияларын алып тастау, кадр даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ ветеринарлардың мәртебесі мен жалақысын арттыруды көздейтін заң жобасына бастамашылық еткенін еске салды.

Сонымен қатар, саланы цифрландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін биркаларды сатып алу функцияларын жергілікті атқарушы органдарға беру көзделіп отыр. Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі жануарлар үшін биркалар тегін беріледі, ал ұйымдасқан шаруашылықтар сәйкестендіруді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын болады.

Биыл жануарлардың иелеріне малды уақтылы сәйкестендіруге, ветеринариялық паспорт беру бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға, союға, сатуға жіберуге және жануарлар мен иелердің мәліметтеріндегі қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін Vetmobile мобильді қосымшасын әзірлеу жұмысы аяқталады.

Өткен жылдан бастап VetLab модулі жұмыс істейді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша онда 21,4 млн зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Бұған қоса жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын есепке алу, онда жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға және жануарларды зерттеу деректерін беру процесін автоматтандыруға арналған RPO модулі іске қосылды.

Сондай-ақ, комитет басшысы ветеринариялық препараттарды сатып алуды болдырмау және отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік беру жоспарлары туралы айтты. Асқар Жақыпбаевтың айтуынша, бұл қажетті уақытта өзекті штаммдары бар диагностикумдар мен вакциналардың қажетті көлемде болуына мүмкіндік береді, өйткені әлемде және шекаралас елдерде эпизоотиялық жағдай үнемі өзгеріп отырады.

Сонымен бірге ветеринариялық кадрлардың тапшылығын толтыру және оларды даярлау мәселесі пысықталып жатыр. Аграрлық жоғары оқу орындары жұмыс берушілер мен халықаралық мамандардың пікірлерін ескере отырып, ветеринария бойынша барлық білім беру бағдарламаларын жаңартты.

Ветеринариялық мамандықтар бойынша ауылдық квота 35%-ға дейін ұлғайтылды, гранттар саны 925-ке дейін өсті. Сондай-ақ ҰЭМ-ге «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде бюджеттік кредит мөлшерін ұлғайту бойынша ұсыныстар жіберілді.

ЖАО ақпараты бойынша, 2021 жылмен салыстырғанда ветеринариялық мамандардың жалақысы Үкімет резервінен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлудің арқасында республика бойынша орташа есеппен 50%-ға өсті. Сонымен қатар, 1 және 2 топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринарларға жалақыға 35% және 50% қосымша ақы төленеді және кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы беріледі. Бұл мақсаттарға бюджетті нақтылау кезінде 9,2 млрд теңге қарастырылды.

Сонымен қатар, заң жобасы шеңберінде ветеринарлық дәрігердің мәртебесі мен нормативтік жүктемесін айқындау, жалақы, қосымша ақылар, үстемеақылар және әлеуметтік қолдау шараларын одан әрі ұлғайту көзделіп отыр.

Комитет басшысының айтуынша, бұл шаралардың барлығы ветеринария мамандығының тартымдылығын арттырады, мамандарды өзіне тән емес функциялардан және қағазбастылықтан арылтады, сондай-ақ ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.