«ҚОСТАНАЙДЫҢ ЖЕКЕ БАЛАБАҚША ИЕЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС КӨЛЕМІН АЗАЙТҚАН»
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке білім беру ұйымдары өкілдері мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде жасанды кедергілер мәселесі бойынша жүгінді.
Мәселе, мемлекеттік тапсырыс бойынша шарттар жасасу кезіндегі техникалық құжаттарда Тапсырыс беруші мемлекеттік тапсырыс көлемін өз бетінше азайта алатын саңылау бар, ал шарттарды орындамау мерзімі-3 ай болып бекітлген. Мұндай жағдайлар жеке балабақшаларды қолайсыз қаржылық жағдайға душар етеді.
Аатлған мәселені зерделеу қорытындысы бойынша жергілікті Антикормен "Атамекен" ҰКП алаңында білім беру органдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Нәтижесінде техникалық ерекшеліктің редакциясын өзгерту туралы шешім қабылданып, бюджеттерден жан басына өлшенген нормативтік қаржыландыру көлемін өзгертуге білім алушылардың немесе тәрбиеленушілердің нақты контингенті өзгерген жағдайда ғана жол беріледі.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша департаменті
[xfvalue_img]