Жыл басынан бері СҚО полицейлері есірткі ресурстарының 31 сілтемесін бұғаттады
Ешкім нашақорлықтан сақтандырылмаған, бірақ белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар кесапаттың жақындарына тигенін күтпей, есірткі құқық бұзушылықтармен күресуге үлес қосады.
Еріктілер полицейлерге «есірткі граффитиларды» бояуға көмектеседі. Олардың белсенді көмегі Петропавл қаласының орталығын қауіпті жазулардан толығымен тазартуға көмектесті. Кезекті акция қарсаңында әлеуметтік желілерде қала тұрғындарын акцияны өткізуге жәрдемдесуге шақыру жарияланды. Пайдаланушылардың бірі фотосуретпен және жазудың орналасқан жерімен наркоресурстың жарнамасымен бөлісті. Еріктілер барлығы 15 есірткі граффитиін бояды.
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс — қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди: "Жалпы жұртшылыққа жәрдемдесу есірткі құқық бұзушылықтардың жолын кесуде маңызды рөл атқарады", - дейді. - Адамдардың хабарламалары "есірткі салушыларды" ұстауға бірнеше рет ықпал етті, ал әуесқойлық бейнежазбалар қылмыстық іс жүргізуде дәлел болды. Сонымен қатар, қаңтар айында екі адам СҚО ПД ЕҚІҚБ Instagram-дағы аккаунтының direct-хабарламаларына және OLx.kz танымал сервистің "есірткі салушылар" жиынтығы туралы ғаламтордағы хабарландыруларға сілтемелер жіберді. Оның әкімшілігі полициямен келісім бойынша жеңілдетілген тәртіпте заңсыз мазмұнды тез арада бұғаттайды".
Айта кетейік, ЕҚІҚБ қызметкерлері есірткі сатумен байланысты ресурстарды анықтау үшін интернет-кеңістікке тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Бұл көбінесе - жалдау туралы «рекрутингтік» хабарландырулар. Жыл басынан бері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне одан әрі бұғаттау үшін 31 сілтеме жіберілді.
Жыл басынан бері СҚО полицейлері 35 есірткі құқық бұзушылығын тіркеді. Заңсыз айналымнан 1 килограмнан астам есірткі алынды, оның ішінде 650 грамм — синтетикалық.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]