СҚО полицейлері шектеулері бар шетелдік көліктердің иелерімен кездесті
(видео: https://youtu.be/JY8qiIm0gdM )
СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы мен процессингтік орталықтың басшылығы белгілі бір шектеулері бар көлік құралдарының иелерімен, сондай-ақ оң рөлді автокөліктердің иелерімен кездесті. Полицейлерге сұрақтар қою үшін кездесуге 50-ге жуық автокөлік иелері келді.
Қызметкерлер толыққанды жауаптар беріп, өтініш беру алгоритмін түсіндірді. Кедендік тазартудан өтпеген, кепілге алынған, қолдануға тыйым салынған шетелдік көлік құралдарын заңдастыру мәселелері алаңдатты.
Кездесуге қатысушылардың бірі – Илья Хаметов. Тіркеу кезінде оның оң рөлді «Toyota» көлігінде вин-кодтың жоқ екені анықталған. Базаға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін, ол өзінің темір тұлпары тіркеуден сәтті өтеді деген үмітте.
«Бүгінгі таңда облыс бойынша 1362 автокөлік заңдастырылды. 1000-нан астам автокөлік иелері криминалистің агрегаттық деректерді тексеруін күтуде. Шектеулері бар автокөлік иелеріне заңдастыруды іске асыру үшін қандай кезеңдерден өту керектігі түсіндірілді. Бұдан бөлек, біз оң рөлді көлік құралдары иелерінің тізімін жинадық – олар ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетіне түзетулер енгізу үшін жіберіледі», - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.
Сондай-ақ полицейлер мен оң рөлді көліктердің иелері проблемалық мәселелерді шешу үшін тағы бір кездесу өткізбек.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]