Арал аудандық пробация есебіндегі азамат бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберілді
Арал ауданының тұрғыны масаң күйде бөтен үйдің ауласына заңсыз кіріп, аулада тұрған автокөліктің бөлшегін ұрлаған. Полиция қызметкерлерімен ұсталып, сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3- бөлігінің 3- тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Сотталған азамат аудандық пробация есебіне алынып, пробация инспекторлары азаматқа сот жүктеген міндеттерді, оның жауапкершілігін түсіндірген. Алайда, аталған сотталған азамат өз жауапкершілігін біле тұра пробация қызметіне тіркеуге келмей, спирттік ішімдік ішіп,жаза өтеу тәртібін бұзып, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, 4 ай ішінде өзінің іс –әрекеті арқылы түзелу жолына түспегендігін көрсетеді. Аталған сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығын айырумен ауыстыру үшін аудандық пробация қызметі аудандық сотқа ұсыныс жолдайды. Сот үкімімен пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, оның жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 11 ай 28 күні бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.
«Қазіргі таңда Арал аудандық пробация қызметінің есебінде 70-тен астам сотталған тұр. Әрбір пробация есебіне алынған сотталған сот үкімімен өзіне жүктелген міндеттерді орындауға, пробация қызметінің қойған заңды талаптарына бағынуға міндетті. Қазіргі таңда тағы бір есептегі азаматтың бас бостандығын шектеу жазасы бас бостадығын айырумен ауыстыру үшін ісі сотта қаралып, қанағаттандырылды. Сот қаулысының заңды күшіне енгенін күтіп отырмыз»,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Серік Сейталиев.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
34 пікір