Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жіберілді
Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған екі сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.
Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының 13.09.2022 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша В есімді азамат 1 (бір) жыл 4 (төрт) ай 27 (жиырма жеті) күнге бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, Байқоңыр қалалық пробация есебіне алынады.
Есепке алынған уақыттан бастап, сотталғанға жаза өтеу тәртібі мен шарттары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, жаза өтеу тәртібін орындамаған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасына қайта ауыстырылатындығы ескертілген. Алайда, аталған сотталған тиісті нәтиже шығармай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар тіркеуге келмей, жаза өтеу талаптарын қаскөйлікпен бұзған.
Осыған байланысты, Байқоңыр қалалық пробация қызметі инспекторларымен сотқа бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс келтірілген. Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, соттың қаулысымен сотталған түзеу мекемесіне жіберілді. Қаулы заңды күшіне енген.
Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы м.а. әділет капитаны
Е.Жақсылықов
[xfvalue_img]