СҚО полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады
(видео: https://youtu.be/ytOy4Jgf3OM)
Қаңтар айының ортасында түн жарымға таман аудан орталығы Мамлютка қаласында патрульдеу кезінде «Nissan» маркалы автокөліктің қозғалысы Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне күдікті көрінді. Полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талаптарын жүргізуші елемеген. Тәртіп сақшылары оны соңынан қуып, автокөлікті Покровка ауылында тоқтатты. Салонда Мамлютка қаласының 32 және 46 жастағы тұрғындары болды. Олардан спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған. Белгілі болғандай, 32 жастағы жүргізуші өткен жылдың маусым айында 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан, ер адам тағы да рөлге отырды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (басқару құқығынан айырылған тұлғаның мас күйде көлік жүргізуі) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Баптың санкциясы айыппұл салудан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Бұдан бөлек, ол көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін. Оған қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды, - дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Мас күйдегі және бұрын көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтау полиция қызметкерлерінің жұмысындағы негізгі міндеттердің бірі. Мас жүргізушілер жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді».
Өткен жылы солтүстікқазақстандық полицейлердің қарауында ҚР ҚК 346-бабы бойынша 58 материал болды. Оның 54-і сотқа жіберілді. Қалған төртеуі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/sqo-politsejleri-kolik-basqaru-quqyghynan-ajyrylghan-mas-zhurgizushini-ustady/
[xfvalue_img]