СҚО-да қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 674 қылмыс ашылды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Кинологиялық қызмет орталығының жұмысын қорытындылады. Олар полиция жұмысында ерекше маңызға ие. Иттер қылмыстарды ашуға, жарылғыш заттарды іздеуге, есірткі заттарын іздеуге және тағы да басқа мақсаттарға жұмылдырылады.
Өткен жылдың тамыз айының басында осындай қылмыстарға шығу кезінде Гретта лақап аты бар қызметтік иті жалпы салмағы 49 келіден асатын марихуананы тауып алды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.
СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция майоры Самат Төлебаевтың айтуынша, төрт аяқты көмекшілер өткен жылдың 12 айында 523 рет қолданылып, 674 қылмысты ашуға көмектескен. Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз сақталған есірткілік және психотроптық заттарды іздеуге 18 рет тартылып, 17 есірткі қылмысы ашылды. Иттер 2021 жылы 16 рет шығып, 15 есірткі қылмысын ашуға көмектесті.
Жалпы, бүгінде солтүстікқазақстандық полиция қатарында 52 ит қызмет атқарып жүр. Кинологиялық қызмет орталығының базасында – 18 ит, Петропавл қалалық полиция басқармасында – 5, ал қалғандары аудандық полиция бөлімдерінде. Олар неміс, бельгиялық овчаркалар, лабрадорлар, спаниельдер мен ротвейлерлер.
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/sqo-da-qyzmettik-izdestiru-itterining-komegimen-674-qylmys-ashyldy/
[xfvalue_img]
19 пікір