СҚО-да веб-афёралардың жартысына жуығы интернет сатылым арқылы жасалған

СҚО-да веб-афёралардың жартысына жуығы интернет сатылым арқылы жасалған

Интернет алаяқтардан сақ болыңыз! Жаңа жыл қарсаңында полицейлер Петропавл тұрғындарын желідегі алаяқтар тарапынан болатын қауіп туралы ескерту үшін еріктілермен күш біріктірді. Тәртіп сақшылары, полицияняң ерікті көмекшілері мен СҚО әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық тобының өкілдері қаланың сауда орталықтарында профилактикалық акция өткізді. Олар жадынама таратып, интернеттегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

«Бұл ескерту әсіресе жаңажылдық мереке қарсаңында адамдардың дені сыйлықтар мен кәдесыйларды, соның ішінде интернет арқылы іздеген уақытта аса өзекті, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. — Мысалға, желтоқсанда хабарландыру бойынша «айфон» сатып алмақ болған қалалық жас жігіт полицияға жүгінген. Алдын ала төлем аударылғаннан кейін, «сатушы» байланысқа шығуды тоқтатқан. Барлығы 11 айда облыста 713 интернет алаяқтық тіркелді, оның ішінде 313-і белгілі сайттардардағы хабарландырулар мен әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сатумен байланысты».

Хабарландыру авторларына да қауіп төнеді. Алаяқтар сатып алушы кейпінде хабарласып, «жеткізу қызметін» ұсынуы мүмкін. Көрсетілген сілтемеге өте отырып, сатушылар алаяқтардың оларға несие ресімдеуіне мүмкіндік туғызатын деректерді енгізіп «өтінім» толтырады.

Сондай-ақ полицейлер: мереке күндері қарсаңында алаяқтар Жаңа жылға орайластырылған акциялар туралы ақпаратты алға тартып белсенділік танытуы мүмкін екендігін ескертеді. Сілтемеге өте отыра, желі қолданушылары кибер қылмыстың құрбанына айналуы мүмкін. Акциялар туралы кез келген ақпаратты ресми ресурстардан тексерген жөн.

Таралуы жағынан кейінгісі «банктен қоңырау шалу» болып табылады. Осындай 263 факті тіркелген. Полицейлер: банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай да бір қаржы операциясын жасау немесе банк шоттары туралы құпия деректермен бөлісу туралы телефон арқылы талап етпейтінін еске салады. Мұндай қоңырау түссе, кешіктірмей сөйлесуді тоқтатқан дұрыс. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/petropavlda-zhanga-telefon-satyp-almaq-bolghan-turghyn-alayaqqa-aldanyp-qaldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.