Көлік сатып алмақ болған Петропавл тұрғыны интернет-алаяққа алданып миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылған

Көлік сатып алмақ болған Петропавл тұрғыны интернет-алаяққа алданып миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылған

Петропавл тұрғындарын сан соқтырған интернет алаяқтар 98 бен 980 мың теңгені олжалаған.

Қала тұрғыны жиһаз сататыны жайлы интернетке хабарландыру орналастырған. Оған хабарласып, тиімді баға ұсынған, алдын ала төлем жасауға уәде берген. Сәтті жасалған мәмілеге қуанған әйел сақтық жайлы ұмытып, өзінің банк картасының нөмірі мен оның пин-кодын жайып салған. Киберқылмыскерлермен байланыс мұнымен тоқталмаған, жәбірленушінің шотынан 98 мың теңге қолды болған.

Интернеттегі хабарландыру бойынша көлік сатып алмақ болған қала тұрғыны он есе шығынға батқан. Ол алдын ала төлем ретінде ұсынылған шотқа 980 мың теңге ақша аударып, телефонмен сөйлесу кезінде оған айтқан аудан орталығы Сергеевкадағы «Honda» автокөлігін алып кетуге барған. Алайда, жәбірленушіге иелерінің өздері мүлдем көрмеген шетелдік көлікті алып кетуге келгендердің алғашқысы емес екендігін айтқан.

Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, полиция қызметкерлері барлық мән-жайды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Интернетте қаржы мәмілелерін жасау кезіндегі алдау желідегі алаяқтар арасында кең таралған, — деп хабарлайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. — Көпшіліктен сақтық танытуды және қандай жағдай болмасын бөгде адамға пин-кодтар мен құпия сөздер, оның ішінде sms-хабарлама арқылы келетін бір реттік қол жеткізу коды сынды құпия деректеріңізді тапсырмауды естен шығармауды сұраймыз. Интернет арқылы ірі сауда жасамақ болған жағдайда, міндетті түрде жеке бейнешолуды талап етіңіз. Егер мәселе көлік сатып алу жайында болса, сатушыдан көлік немесе оның қандай да бір бөлшектерін, ал егер пәтер болса – жиһаздарын және тағы басқаларды толық суретке түсіруін сұраңыз. Алдын ала төлем жасауға келіспеңіз, егер сізге нақты тауарды ұсынғанына толық сенімді болмасаңыз ақша аудармаңыз». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.