2022 жылғы III тоқсандағы халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау*
Алдын-ала деректер бойынша 2022 жылдың III тоқсанында Астана қаласы халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 197481 теңгені құрады және 2021 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 4,6%-ға өсті. Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары өткен жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 11,0%-ға төмендеді.
Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстары (бағалау)
|
2022 жылғы III тоқсан, пайызбен |
|
2021 жылғы III тоқсанға |
2022 жылғы II тоқсанға |
|
Атаулы табыстар индексі |
104,6 |
99,5 |
Нақты ақшалай табыстар индексі |
89,0 |
95,0 |
* Алдын-ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі.
Ескерту. Бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте № 14350 болып тіркелген, Халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесі негізінде жүргізілді.
Халықтың атаулы ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және қорлануға бағытталған ақшалай қаражаттары. Оның шамасы есептеу әдісімен макродеңгейде анықталады және халықтың жалдамалы жұмыс пен өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табыстарын бағалауды (жалақының жасыру мен статистикалық есептілікпен қамтуға келмейтін жұмыс істейтін халықтың санына санап шығумен) және әлеуметтік трансферттердің төлемі қосылады.
Орташа жан басына шаққандағы табыс табыстардың жалпы сомасын тұрақты халық санына бөлу арқылы есептеледі.
Нақты ақшалай табыс – бұл елдегі инфляция деңгейіне түзетілген номиналды ақшалай табыс.
Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті
[xfvalue_img]
29 пікір