2022 жылғы қарашада Астана қаласындағы инфляция 1,6%-ды құрады
Қараша айында азық-түлік тауарларының бағасы 2,2%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар - 1,3%-ға, ақылы қызметтер тарифтері - 0,9%-ға қымбаттады.
Тұтыну бағаларының индексі
пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
|
2022ж. қараша
|
2022 ж. қаңтар - қараша 2021 ж. қаңтар - қарашаға |
|
2022 ж. қазанға |
2021 ж. желтоқсанға |
||
Барлық тауарлар мен қызметтер |
101,6 |
121,4 |
115,5 |
Азық-түлік тауарлар |
102,2 |
122,8 |
117,7 |
Азық-түлік емес тауарлар |
101,3 |
128,3 |
117,8 |
Ақылы қызметтер |
100,9 |
112,4 |
109,8 |
2022 жылғы қараша айында жемістер мен көкөністер бағасы - 7,7%-ға, қышқыл сүт өнімдері - 6,5%-ға, сүт өнімдері - 4%-ға, балық және теңіз өнімдері - 3%-ға, жұмыртқа - 2,2%-ға, нан - 2%-ға, ірімшік және сүзбе - 1,7%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 1,5%-ға, тауық еті - 1,4%ға, ет, алкогольсіз сусындар - 0,7%-ға, алкогольді сусындар және темекі өнімдері - 0,5%-ға, құмшекер - 0,4%-ға қымбаттады. Сонымен қатар жармалар бағасы - 0,3%-ға төмендеді. Ашытылған сүт өнімдері тобында, айран 2,5% майлылығы - 8,7%-ға, қаймақ - 7,3%-ға, йогурт - 2,6%-ға қымбаттады. Көкөністерден, қияр - 71,5%-ға, тәтті бұрыш - 34,3%-ға, басты пияз - 25,5%-ға, қызанақ бағасы - 17,9%-ға, қызылша - 11,5%-ға, картоп - 8,3%-ға, ақ қауданды қырыққабат - 0,8%-ға қымбаттады, сәбіз - 0,8%-ға төмендеді.
Кеңсе тауарлары - 3,2%-ға, тас көмір - 2,4%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдар - 2,1%-ға, жеке қолданатын өзге де тауарлар және аспаптар - 1,3%-ға, киім және аяқ киім - 0,8%-ға, автомобильдер - 0,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 0,6%-ға, үй тұрмысында қолданылатын тоқыма бұйымдар - 0,5%-ға, шыны бұйымдары, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтар - 0,4%-ға қымбаттады. Дизель отыны - 34%-ға, бензин - 0,1%-ға қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету саласында театр қызметі - 7,5%-ға, аурухана қызметі - 6,6%-ға, тұрғын үй - жайларды күтіп ұстау және жөндеу қызметтері - 6,3%-ға, қонақ үй қызметі - 3,7%-ға, моншаға бару - 3,9%-ға, стоматологиялық қызметі - 1,5%-ға, амбулаториялық қызметтер - 0,4%-ға қымбаттады. Әуе жолаушылар көлігінің қызметтеріне тарифтер - 17,4%-ға, теміржол - 1%-ға қымбаттады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі - 1,7%-ға төмендеді.
[xfvalue_img]
17 пікір