Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасаған сотталған рақымшылыққа ілінді
2022 жылдың 2 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған болатын. «Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес, Қармақшы аудандық пробация қызметі, пробация есебіндегі Ш.есімді азаматқа қатысты рақымшылық қолдану туралы сотқа ұсыныс жолдаған.
Ол Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы дүкендердің бірінен тұрмыстық техникалық заттарды ұрлаған. Алматы қаласы, Алатау аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 10 ай бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, ол тұрғылықты жері бойынша Қармақшы аудандық пробация есебіне алынады.
Сотталғанның іс-құжаттары сотпен қаралып, сотталғанның жаза мерзімінен босату жөнінде сотшешімімен қаулы шығарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
- Қаңтар оқиғасы кезінде осындай қадамға барғаныма өкінемін. Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бірреттік рақымшылық жариялау туралы Заңға қол қойғанын естіп қатты қуандым. Міне бүгін сот қаулысымен жазамнан босатылдым. Ендігі арманым отбасын құрып, қоғамға қажетті іспен айналыссам дейді»,- есептегі сотталған.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]