Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екі азамат пробациялық бақылауға алынды
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы дүкендердің бірінен зат ұрлаған екі азамат жуырда Қазалы аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Олар Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабынының 3-бөлігінің 2,3- тармағымен кінәлі деп танылып, әр қайсысына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.
Өздерінің айтуынша олар алтыншы қаңтар күні киім дүкеніне ұрлыққа түсіп, ұрлық жасаған.
Қазіргі таңда олар өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. Жалпы мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғанның атқарған жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК-нің 62-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органға жүктелген.
Жыл басынан Қазалы аудандық пробация есебінде тұрған 34 сотталған азамат сот үкімімен міндеттелген мәжбүрлі еңбекті тәртіп бұзушылықсыз толық атқаруда.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]