Кітапхана қызметкерлері сотталғандарға «Ертегі терапиясы» тренингін өткізді
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге "Ертегі терапиясы" тренингін ұйымдастырды. Ертегі терапиясы – ішкі психологиялық мәселерді шешу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуді жақсарту үшін ертегі формасын қолданатын әдіс.
Шараға қатысқан сотталғандар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықтарға мойымай, қиналмай өтуіне ертегі терапиясының рөлі зор екендігін айтты. Жомарт есімді сотталған бала күнінде оқыған "Ер Төстік" ертегісін тренингке қатысқан сотталғандарға көркемдеп баяндап берді. Тренинг барысында кітапхана қызметкерлері сурет салынған қиындыларын ұсынып, сотталғандар ертегі кейіпкерлерін құрастырды.
«Ертегі терапия – бұл кез-келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі. Ертегі терапиясы мінез-құлықтың негативтік формаларын директивті өзгертеді. Яғни, жақсы нәрсеге үмтылуға, болашаққа сенімін нағайтады. Бүгінгі тренингтен жақсы әсер алған сотталғандар халық ертегілеріне талдау жасап, өзара пікір алмасты.Мұндай ерекше әдісті жүйелі түрде өткізіп тұрамыз»,– деді психолог маман Ақгүл Аманова.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]