Заң консультанттары палатасы жамбылдық тергеушілерге алғыс білдірді
Жамбыл облысының Полиция департаментіне заң кеңесшісі Сәуле Дармырзаевадан алғыс хат келіп түсті.
С.Дармырзаева өзінің жоғары кәсібилігінің арқасында Тараз қаласының тұрғындарының бірі, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен екі баланың анасына елеулі көмек көрсеткен Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Еділ Мұхатайұлына үлкен алғысын білдіреді.
СДармырзаева сөзбе-сөз былай деп жазады: "Е. Мұхатайұлының қабылдауында екі рет болдым. Біздің полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының кез келген азаматының мәселелеріне ешқашан бей-жай қарамайды деп сеніммен айта аламын. Олар көмекке мұқтаж адамдарды мұқият тыңдап, шешімін табуға көмек қолын дер кезінде созады".
Соңында, ол тәртіп сақшыларына мықты денсаулық, қажырлы қызметте табыс және отбастарына амандық тіледі.
[xfvalue_img]