Ақтөбедегі түзеу мекемесінде АИТВ-инфекциясының алдын-алу тақырыбында семинар өтті
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің медициналық бөлімнің қызметкерлеріне Облыстық «ЖИТС алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» эпидемиолог-дәрiгерлерi Айжан Жайлаубаева және Талғат Садықов «АИТВ-инфекциясының алдын-алу тақырыбында» семинар өткізді.
Iс-шара барысында облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері, АИТВ-ға мiндеттi түрде тексеруге жататындарды тестілеу бойынша, сонымен қатар АИТВ-ға биоматериалды алу қағидаларын сақтау сұрақтары талқыланды.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]