Астана – Павлодар жолын қыста күтіп ұстау үшін 68 қар жинайтын техника жұмылдырылды

Астана – Павлодар жолын қыста күтіп ұстау үшін 68 қар жинайтын техника жұмылдырылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде қыс мезгілінде Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолында қар тазалайтын техниканың санын ұлғайтуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ 2022 жылдың соңына дейін Павлодар – Астана бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруді және облыс орталығындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Қазір Астана – Павлодар автожолының учаскесін талапқа сай күтіп ұстауға қыс мезгілінде Ақмола және Павлодар облыстары үшін тең мөлшерде 68 қар жинайтын техника жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, «ҚазАвтоЖол» ҰК ақылы автожолдар дирекциясының филиалы қосымша 11 қар тазалау техникасын сатып алады.

Сондай-ақ Президенттің елордадан әуе рейстерін ашу жөніндегі тапсырмасы орындалды. Осылайша, 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап 10 мың теңге тарифімен аптасына 4 рейс жиілікпен Астана – Павлодар әуе маршруты ашылды. Тиісті конкурстың қорытындысына сәйкес тасымалдаушы ұйым ретінде сыйымдылығы 76-86 жолаушы болатын Q400 бортымен QAZAQ AIR АҚ белгіленді.

Бұл ретте қазір Астана – Павлодар әуе маршрутын субсидиялауға қаражат бөлу мәселесі ҚР Парламентінде қарастырылып жатқанын айта кеткен жөн. Аталған бастаманы депутаттар қолдамаған жағдайда қажетті қаржыландыруды 2023 жылғы бюджетті кезекті нақтылауға шығаруды ескере отырып, субсидиялауды ішкі көздер есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, ұшу-қону жолағын жаңғыртуға байланысты өңір әкімдігі қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. Жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін 2023 жылы бұл жобаны іске асыруды бастауға арналған қажетті қаражатты қарастыру көзделіп отыр.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.