СҚО-да мемлекеттік мекеменің басшысы кәсіпкерді алдағаны үшін сотталды
Петропавлда СҚО Қызылжар ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.А. Ағажановқа қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде алаяқтық фактісі бойынша ұсыным қаралды.
2022 жылғы 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен қызметтік жағдайын пайдалана отырып алаяқтық жасағаны үшін лауазымды тұлғаға ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдар атқару құқығынан айырылды.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов бұл факт өңірдегі автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласындағы қылмыстық схеманы ашу бойынша жедел әзірлеу нәтижесінде анықталғанын атап өтті.
Бұдан әрі қылмыстың егжей-тегжейін СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин ашты.
«Мекеме басшысы серіктестік директорынан мемлекеттік сатып алуға табысты қатысу үшін кәсіпорынның қажетті тұрақтылық коэффициентін арттырғаны үшін 1 млн. 250 мың теңге мөлшерінде заңсыз материалдық сыйақы алды. Лауазымдық міндеттеріне байланысты М.А. Ағажановқа серіктестік төлеген салық көрсеткішіне өзгерістер енгізу туралы өтініш кез келген жағдайда қанағаттандырылатыны белгілі болды, бірақ қылмыстық пайданың мақсатын көздей отырып, ол бұл факт туралы үндемеді», - деді Дамир Хабибулин.
Қарау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға әкеп соқтырған, бағынысты қызметкерлердің қызметін бақылау жөніндегі қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін СҚО МКД басшысы Т.Б. Қабдушев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
[xfvalue_img]