«AMANAT» партиясы Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

«AMANAT» партиясы Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті. Іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Саяси кеңестің мүшелері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т. б. болды.

Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте алдағы президент сайлауына партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.

Өз сөзінде, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!», – деді Ерлан Қошанов.

Іс-шарада сөз сөйлеген Қазақстанның тұңғыш Еңбек ері, ұстаз Аягүл Миразова Президент реформаларының бағытын қолдай отырып, қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау қажеттігін атап өтті.

«Отан отбасынан басталады». Олай болса біз отбасы құндылықтарын, ұлттық салт-дәстүрімізді, төл болмысымызды, ана тілімізді құрметтеп, сақтауға тиіспіз. Қасым-Жомарт Тоқаев көп қырлы саясат жүргізуде. Ауқымды реформаларды қолға алды. Ол өзін халыққа жаны жақын тұлға, тәжірибелі басқарушы ретінде көрсетті. Сондықтан оның жанына топтасуымыз қажет», – деп атап өтті Аягүл Миразова.

Өз кезегінде, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыханов Президенттің әрбір іс-әрекеті мен реформаларының негізінде тек қана халық мүддесі тұрғанын жеткізді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев – Тәуелсіздік құндылықтарын қорғап келе жатқан патриоттың жарқын үлгісі. Жаңа облыстардың ашылуы, жерді сатуға тыйым салу, қазақ тілінің мәртебесі – осының бәрі маңызды шоғырландырушы рөл атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық», – деді Дәулет Тұрлыханов.

Айтыскер ақын, партияның Саяси кеңесінің мүшесі Бекарыс Шойбековтің айтуынша, ең қиын кезеңдерде Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым халықпен бірге түйткілді мәселелердің шешу жолдарын таба білді. Бұған Арыс, Мақтаарал, Қаңтар оқиғасы, Қостанай мысал бола алады.

«Арандатушылардың жетегінде кетпеу керек. Тек елдегі бейбітшілікті сақтай отырып, тұрақты дами аламыз. Этникалық, діни, тілдік қатыстылығына қарамастан жалпыұлттық бірлікті сақтау – Президент бағытының негізі. Сондықтан маңызды реформаларды жүзеге асыру жолында «AMANAT» партиясы кандидатының айналасына топтасуымыз керек», – деді ақын.

Кәсіпкер, Көру қабілетін қалпына келтіру және алдын алу мектебінің негізін қалаушы Анна Яковлева Әділетті Қазақстан барша азаматтардың адал еңбегі арқылы ғана құрылады деп санайды.

«Елімізде және әлемде болып жатқан оқиғалардың маңызын түсіне отырып, өз Президентімізге айрықша сенім артамыз. Сондықтан, барша отандасымызды қастерлі Қазақстанның қауіпсіздігі және одан әрі өркендеуі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігуге шақырамын!», – деді Анна Яковлева.

Бұдан кейін, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Аят Сүгірбай сөз сөйледі. Ол өз сөзінде, Президент қолға алған өзгерістер заң үстемдігіне негізделген демократиялық қоғамды қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Азаматтар әрбір адамның құқы қорғалғанын, лайықты жалақы мен тұрақты жұмыс орны болғанын қалайды. Ел ішіндегі «қосарланған билік, олигополияның ықпалы» сияқты алып-қашпа әңгімелерге нүкте қоятын мезгіл жетті. Президенттің қаңтардағы саяси ерік-жігері, сенімді әрекеттері оны халық атынан саяси жауапкершілікті арқалай алатын білікті басшы ретінде көрсетті. Қазіргі уақытта Қазақстанға дәл осындай көшбасшы қажет! Сондықтан біз алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауымыз керек», – деді Аят Сүгірбай.

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев мемлекет үшін осындай жауапты сәтте жастар белсенді азаматтық ұстаным танытуы тиіс екеніне сенімді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев түбегейлі өзгерістерді көздейді. Соның нәтижесінде біз әрбір талантты, еңбекқор, жауапты қазақстандық өз қарым-қабілетін таныта алатын мемлекет құрамыз. Ал жастар оны толығымен қолдайды», – деді Нұржан Жетпісбаев.

Пікір алмасып, дауыс беру рәсімінен кейін кезектен тыс XXIV Съездің шешімімен «AMANAT» партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.