Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын алда өтетін Президентін сайлауына ұсыну жөнінде шешім қабылдады
2022 жылғы 5 қазанда сағат Ұлттық академиялық кітапханада Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» Қауымдастығы Басқармасының отырысы өтті (офлайн және онлайн форматта).
Отырысқа «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қауымдастығының төрағасы Бахытбек Смағұл төрағалық етті.
«Президент ардагерлер мен түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерін әрдайым қолдап келеді. Біз ардагерлер соғыстың не екенін бір кісідей білеміз әрі бейбіт өмірдің қадірін өте жақсы түсінеміз. Тұрақтылық – кез келген мемлекет үшін дамудың ең басты кепілі. Сондықтан, біз Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдадық», – деді Қауымдастық жетекшісі Бақытбек Смағұл.
Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» Қауымдастығы Басқармасының мүшелері күн тәртібіндегі мәселені талқылап, бірауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын алда өтетін Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға үміткер ретінде ұсынып, қаулы қабылдады.
Байланыс нөмері: Альмира - 87772786218
[xfvalue_img]
29 пікір