Ербол Қарашөкеев БҚО ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті

Ербол Қарашөкеев БҚО ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің фермерлерімен кездесті. Ербол Қарашөкеев Үкіметтің АӨК дамыту жөніндегі жұмысы туралы айтып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, фермерлерді келесі жылдың басында күшіне енетін АӨК субсидиялаудың жаңа ережелері қандай болады деген мәселе толғандырады.  Ведомство басшысы қаражат бойынша субсидиялаудың барлық бағыттары сақталатынын түсіндірді, бұл - инвестсубсидиялау, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, сақтандыру жарналарын субсидиялау, сондай-ақ қарыздарды кепілдендіруді сақтандыру. Алайда бірқатар өзгертулер де енгізіледі.

«Мал шаруашылығы бойынша субсидиялаудың 5 түрін (өндірушілердің, олардың ұрығының, эмбриондарының құны, өндірушілерді жалдау, сондай-ақ жасанды ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді) алып тастау және олардың орнына субсидиялаудың жойылған түрлері үшін өтемақы ретінде субсидиялау нормативтерінің едәуір ұлғаюымен селекциялық-асыл тұқымды жұмысты қаржыландыруды ғана қалдыру ұсынылады», - деді министр.

Ол сондай-ақ субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелерді енгізу жоспарланғанын атап өтті. Атап айтқанда, жыл сайын өз өнімдерін өткізу көлемін кемінде 3% ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру және өнімді форвардтық келісімшарт бойынша тұрақтандыру қорларына жеткізуді қамтамасыз ету, сонымен бірге өндіріске кемінде 5 жылда бір рет инвестициялар салуды көздейді.

Бұған қоса, кездесуде мал экспорты туралы мәселе көтерілді. Ведомство басшысы ВАК 31 тамызда бұқашықтарды әкетуге 60 мың бас (жалпы мал басының 9%) көлемінде квота белгілеу және қошқарларды әкетуге - 120 мың бас (мал басының 10%) квота белгілеу туралы шешім қабылданғанын түсіндірді. Аналық малды әкетуге толық тыйым салынады.

 Кездесуде министр өңірдің сүт-тауар фермаларын дамыту бойынша зор әлеуетін атап өтті. БҚО-да оны кеңейту мүмкіндігі бар жақсы жемшөп базасы бар, яғни облыс өзін сүтпен толық қамтамасыз ете алады. АШМ басшысы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне ұқсас ӘКК арқылы өңір аумағында СТФ құрылысын жеңілдікпен кредиттеу жобасын қолдауға дайын. Бұдан басқа, министрлік жергілікті фермерлерге жаңбырлатып суару жүйесін енгізуге жәрдемдеседі. Бұл СТФ үшін шырынды жем дайындау үшін қажет.

Ербол Қарашөкеев биыл ауыл шаруашылығына қосымша қаражат бөлінгенін айтты. Субсидиялаудың жалпы көлемі 451 млрд теңгені құрайды, «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 2 есеге артты - 140 млрд теңгені құрады, сондай-ақ форвардтық сатып алуға бөлінген сома өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 80 млрд теңгені құрады. Бұдан басқа, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының қолданыстағы нарықтық мөлшерлемесі 20% болған кезде фермерлер үшін небәрі 6% мөлшерлеме көзделген, қалғанын мемлекет өтейді.

Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан шаралардың арқасында Батыс Қазақстан облысы АӨК-ті дамытудың оң нәтижелерін көрсетіп жатыр. БҚО-да 2026 жылға дейін құны 110,6 млрд теңге болатын 44 жаңа инвестициялық жоба ашылады. Бұл маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдері тапшылығының орнын толтыруға және облыс базарларындағы бағаларды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ 1300-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Өңірге сапары аясында министрге егін жинау науқанының барысы таныстырылды. Еліміздің батысында 194,3 мың га алқап жиналcа, 313,4 мың тонна астық бастырылды, ал орташа өнімділік 16,1 ц/га құрайды.

Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев өңірдің бірнеше ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне барды. 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.