Елордада жол құрылысында инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдану мәселесі талқыланды

Елордада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен жол құрылысындағы заманауи технологиялар мен материалдарды қолдануға және олармен танысуға арналған ауқымды салалық жиын өтті.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті мен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен көшпелі семинар-тренингке жол құрылысын жобалау және қызмет көрсету салаларындағы мекемелер мен мамандар қатысты. Сонымен қатар басқосуға ғалымдар, мердігер компания өкілдері мен кәсіпкерлер, «ҚазАвтоЖол» ҰК, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» қызметкерлері және облыс әкімдіктерінің мамандары да шақырылды.

Жиын барысында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин семинар Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін жолдардың сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

 «Президент автомобиль жолдары саласына ерекше маңыз береді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында жергілікті маңызы бар жолдарға жете назар аударып, бұл тараптағы бірқатар мәселені атап өтті. Әрине, аймақтарда түйіні тарқатылмаған түйіткілді жағдаяттар баршылық. Осы орайдағы мәселелерді оңтайлы шешу үшін бүгінгі жиын өткізіліп отыр. Басқосуға отандық және шетелдік жол саласының білікті мамандары қатысуда», – деді Төлеген Абдуллин.

Семинар-тренинг жұмысы «жер қыртысының төменгі қабаты және негізі», «жол жабыны», «жолды күтіп ұстау және жөндеу», «жолдағы қағидалар мен жол қозғалысының қауіпсіздігі», «көпір құрылысы және оны жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын материалдар мен жаңа технологиялар» бағыттары бойынша жүргізілді. Әрбір бөлімде жол инфрақұрылымы мен нысанының қызмет көрсету мерзімін ұзартуға және оның өнімділік сипаттамаларын жақсартуға септесетін инновациялық материалдар мен құрылыс жұмыстарын жылдамдатуға ықпал ететін заманауи тәсілдер жан-жақты қарастырылды.

Әсіресе, көпшілік тарапынан жолдың төсеніштік қабатының беріктігін қамтамасыз ететін материалдар қызығушылық туғызды. Сонымен қатар жол битумының сапасын арттырып, оны Қазақстанның түрлі климаттық жағдайларына бейімдігін қамтамасыз ететін модификациялық асфальтбетон жабынына да үлкен ықылас танытылды.

Жиын аясында ресейлік жол құрылысы саласындағы мамандар асфальтбетонды жылдың суық мезгілінде төсеуге арналған ерекше қоспаны таныстырды. Бұл материал еліміздің климатына сәйкес келеді және жол құрылысы маусымын ұзартуға едәуір септеседі. Аталған қоспаны қолдану арқасында жол құрылысын жүргізетін компаниялар суық ауа-райында жол жабынын ешқандай кедергісіз сапалы түрде төсеуге мүмкіндік алмақ.

Айта кетерлігі, «Жол құрылысындағы инновациялық технологиялар мен материалдар» семинар-тренингі жол-құрылысы ұйымдары мен іскер топ өкілдерінің өзара тығыз қарым-қатынас орнатуға елеулі ықпалын тигізді. 

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті Арман Алибаеваның айтуынша, басқосу шеңберінде бірқатар келісімдерге қол жеткізіліп, жол-құрылысы жұмыстарының сапасын арттыру бағытында инновациялық жаңашылдықтарды қолдану аясы артты. Сондай-ақ ол алдағы уақытта осы тақілеттес семинарлар тұрақты түрде өткізіліп тұратынын жеткізді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.