Автокөліктерге кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі көтерілген жоқ

Автокөліктерге кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі көтерілген жоқ

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген автокөліктерді автокөліктерді кедендік тазартудан өткізу үшін кедендік баж ставкасының ұлғайтылғаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады.

Кеден бажының ставкалары Еуразиялық экономикалық комиссиямен  белгіленеді (ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімі)  және бұл ставкалар Қазақстан Республикасы үшін міндетті болып табылады.

Жеңіл автокөліктерге арналған баждың ставкалары 2022 жылы өзгеріссіз қалды. Керісінше, Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен тиісті құжаттар ұсынылған жағдайда электромобильдерді баж мөлшерлемесінің 15%-ынан босату түріндегі жеңілдік берілді. Ұсынылатын құжат түрі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен белгіленеді.

2022 жылғы 5 сәуірдегі № 46 шешімімен дайын өнімді өндіруге арналған шикізат және материалдар (фармация, тамақ өнеркәсібі) сияқты "сезімтал" тауарлардың жекелеген санаттарына кедендік әкелу бажының 0% мөлшерлемесі енгізілді.

Сонымен қатар, тауарлардың кедендік құны ЕАЭО Кеден кодексінің
5-тарауына (тауарлардың кедендік құнын айқындаудың алты әдісі) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы" шешіміне сәйкес айқындалады.

Автокөліктерді сатып алу кезінде азаматтарға аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне барып, кедендік тазартудан өткізуге кеңес беріледі.

Заңсыз іс-әрекеттер фактілері және шағымдану үшін басқа да негіздер болған жағдайда, 14-14 қысқа нөміріне немесе 8-7172-71-81-71 нөміріне хабарлауға болады.

Сонымен қатар, утилизациялық алым мен кедендік баж бір-біріне ұқсамайтын екі бөлек алым және бір-бірін алмастыра алмайтынын ескеру қажет.

Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат шаралары (кеден бажының мөлшерлемелерін  әзірлеу) ҚР Сауда және интеграция министрлігінің құзыретіне, ал утилизациялық алымның мөлшерлемелерін бекіту ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретіне жататынын ақпарат ретінде жеткіземіз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.