Қызылордада мекемеге жаңадан қабылданған жазасын өтеушілер арнайы медициналық тексерістен өтті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің дәрігерлік денсаулық бекетінің атқарып жатқан істері аз емес. Мекеменің дәрігерлік денсаулық бекетінде бір фельдшер, бір мейірбике жұмыс жасайды. Медицина қызметкерлері бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығына сәйкес сотталғандарды медициналық тексерістен өткізеді.
Жуырда сот үкімімен жаза өтеуге мекемеге қабылданған жазасын өтеушілердің арасында сырқаттанудың алдын алу, сондай-ақ сауықтандыру мақсатында қалалық №3 емхананың дәрігерлерімен бірлескен жалпы мамандандырылған тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру іс-шарасына терапевт, кардиолог, хирург, эндокринолог, травматолог, лор, көз дәрігері және неврапотолог секілді маман дәрігерлер жұмылдырылды.
Мекеменің фельдшері әділет лейтенанты Ж.Иманбектің айтуынша сотталғандарды тексеру нәтижесінде сотталғандар арасында науқастар анықталмаған.
«Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп нақты жазылған. Сондықтан біз әрбір сотталғанның денсаулығына бей-жай қарамаймыз. Бірінші кезекте сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы медициналық көмек көрсетіп, аурудың алдын аламыз»,-дейді мекеме фельдшері.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]