Онлайн бақылау-касса машиналарының (БКМ) жұмысы туралы
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, онлайн бақылау-касса машиналары штаттық режимде жұмыс істеп тұр деп хабарлайды.
Интернет болмаған жағдайда, кәсіпкерлер онлайн бақылау-касса машиналардын фискалдық чектерінің орнына тауар чектерін бере алады.
Сондай-ақ, онлайн-БКМ бойынша «Тауар чектерінің» кітабын мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу және желі пайда болғанда берілген тауар чектерін онлайн бақылау-касса машиналарына енгізу қажеттілігі жоқ. Тек салық есептерін тапсыру кезінде ақшалай есеп-айырысуды есептілікте көрсетсе жеткілікті.
Тауар чегі – ақшалай есеп айырысу негіздеуі фактісін растайтын бастапқы есептілік құжаты, бақылау-касса машиналардың техникалық ақауы жағдайларда немесе электр қуаты болмағанда қолданады.
Бұл ретте, кәсіпкер тауар чегінде өткізілген тауарларлардың, көрсетілген қызметтердің атауы мен санын көрсетпестен, сомасын ғана көрсетуіне болады.
Айыппұл санкциялары қолданылмайды.
[xfvalue_img]