Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясовтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары
Іссапар барысында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясовтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен кездесуі өтті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы, оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында басшы құрамының қатысуымен аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл А.Е. Қалиясов аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
[xfvalue_img]