Сотталғандарға психокоррекциялық жұмыстар жүргізілді
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімі осы мекемеде жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Майнд машина» психорелаксациялық аппаратымен психокоррекциялық жұмыстарын жүргізді.
Бұл тренигтің негізгі мақсаты – қасақана немесе жазатайым жағдайда ауыр қылмысқа барып, өкінішпен күйзеліске түскен немесе өз-өзіне қол жұмсауға бейімді жаза мерзімін өтеушілерге психологиялық көмек көрсете отырып, олардың өмір сүруге деген құлшынысын арттыру.
Тренинг барысында мекеменің психологы А.Жүсіпбеков осындағы жазасын өтеушілерге өткен күннен сабақ алу және қазіргі өмірді бағалай білу керектігін айтып, қатысушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізді.
Сотталған азаматтар «Майнд машина» психорелаксациялық аппаратын қолданып, ұшқыр ой жетегімен отбасына балалық шаққа саяхаттап, өздерінің бойындағы негативті жағымсыз ойларын жеңуге әсері мол екендігін ашып айтты.
Сондай –ақ отталғандарға түрлі психологиялық әдістер арқылы сауалдар қойылды. Жазасын өтеуші азаматтар өздерінің ішкі көңіл күйін жеткізіп, бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісті.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]