Елордада «Көктал» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өтті
Азаматтардың полиция жұмысына деген сенімін арттыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу жұмыстарын жалғастыруда.
Әрбір кездесуде ашық сұхбат барысында өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар мен тілектер айтылады.
Осындай кездесулердің бірі «Сарыарқа» ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұловтың төрағалығымен елорданың №68 мектептің акт залында өтті, сондай-ақ кездесуге аудандық мәслихат депутаты Алтыншаш Табулдина, «Сарыарқа» ауданының ПБ бастығы полиция полковнигі Дулат Жұмағұлов, ПИК, МИБ өкілдері және «Көктал» тұрғындарының өздері де қатысты.
Бұл жиында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, су айдынында жүріс-тұрыс ережелері, жол қозғалысы ережелері, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы және басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Аталған іс-шара соңында полицейлер әрбір тұрғын кез келген оқиға кезінде учаскелік инспектормен тікелей байланысып, «102» арнасына немесе мобильді қосымша арқылы қоңырау шала алатынын еске салды. Полицейлер сондай-ақ тұрғындарды қырағы болуға және өздерінің мүлкіне немқұрайлы қарауымен қаскүнемдерді арандатпауға, велосипедтер мен басқа да мүліктерді қараусыз қалдырмауға шақырды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]