ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы»  Заңын түсіндіру мақсатында  2022 жылдың 11 тамыздағы брифингке  АНЫҚТАМА

ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын түсіндіру мақсатында 2022 жылдың 11 тамыздағы брифингке АНЫҚТАМА

Қаңғыбас иттерді аулау - адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатердің алдын алу, жануарлар аурулары мен олардың салдарларының алдын алу және жою, халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

            Егер қараусыз қалған жануар агрессивті болса және адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірсе немесе құтырудың клиникалық белгілері болса, пневматикалық құралмен ұйықтататын дәрілер қолданылады.

Ауланған жануарларды уақытша ұстау панажайы Тараз қаласында ветеринариялық станциясы тарапынан жалға алынып, жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта бұл жерде иесіз иттер уақытша ұсталуда. Ауланған иттер азықтандырылып, қажет болған жағдайда ветеринариялық көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, Сарысу, Талас аудандарында аудан әкімдіктерімен қамтамасыз етілуде. Мойынқұм ауданында аудан әкімдігімен иесіз жануарларды уақытша ұстау орнының құрылысы аяқталды. Тараз қаласының әкімдігімен уақытша ұстау орнының құрылысына қаражат бөлініп, мердігер іздестірілуде. Қалған аудандарда жер телімдері бөлініп, қаржылары қарастырылуда.

Облыс аумағындағы Тараз қаласы және аудандардың ветеринариялық станциялары құрамында иесіз қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға барлығы – 11 бригада құрылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының мамандарымен «Жамбыл облысы аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру» және «Жамбыл облысы аумағында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің» Қағидалары барлық мүдделі мекемелермен келісімдері алынды. Сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілер порталына ілініп, 15 күн талқылаудан өтті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізілді. Айтылған ұсыныстар мен ескерулер пысықталып, жаңа редакцияда жобалары әзірленіп, бүгінгі таңға облыс әкімдігінің ресми сайтына орналастырылды, қыркүйек айында өткізілуі жоспарлаып отырған облыстық мәслихаттың сессиясына ұсынылады.

Қаңғыбас иттердің көбеюі ит иелерінің бос жіберіп қоюынан да орын алуда. Себебі, күшік кезінде асырап, бағып-қағып, кейін өскен соң бос жібере салады. Сонымен қатар, адамдарды тістеу фактілері де азаяр емес. Жыл басынан бері 2 172 адам жануарлардан зардап шекті, оның ішінде 1001-і он төрт жасқа дейінгі жасөспірімдер.

         Тараз қаласының тұрғындарынан «Жамбыл-109» диспетчерлік орталығына иесіз иттерді аулау бойынша жыл басынан 1 733 өтініш, иттері мен иттердің өлекселерін алып кету бойынша 363 өтініш келіп түскен.

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы қабылданып, заңды күшіне енді. Аталған Заңның талаптарына сәйкес, көшеде жүрген қаңғыбас жануарлар адам мен жануарлардың өміріне нақтылай қауіп төндірсе немесе ауру белгілері анықталса және де үш иттен аса топталып, үйірленіп жүріп, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіпті деп танылса, кідірмей жойылады.

Осы Заңның талаптары бойынша жануардың иесіне немесе жауапты адамға бірталай жауапкершіліктер жүктелген.

Атап айтқанда, олар иелігіндегі жануарларын ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық талаптарды сақтай отырып, асырауға және ұстауға, облыстық мәслихатпен бекітілген арнайы қағидаға сәйкес есепке алуға, уақытылы вакцинация жасатуға, жануарына жауапкершілікпен қарауға және қатыгездік көрсетпеуге, басқа адамдар мен жануарлардың өміріне немесе саулығына қауіп төндірмеу үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауға, қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуге міндеттелген.

Тұқым алу қажет болмаса жануарларға стерилизация жасауды қамтамасыз ету бойынша да талаптар қамтылған.

Иттерді өз бетінше серуендетуге, қоршалмаған серуендету орындарында тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз серуендетуге, он алты жасқа толмағандарға, мас адамдарға тыйым салынады.

         Ветеринариялық станциялармен аралау және тұрғындардың шағымдарымен қаңғыбас иттерді аулау кестесі әзірленеді. Сол бойынша аулау жүргізіледі. Сонымен бірге азаматтардың өтініштері бойынша да аулау жұмыстары жүргізіледі.

Иелері табылған иттер иелеріне ерекше талаптарға сәйкес беріледі. Сұраныс болмаған иттер мен мысықтар айналасына қауіп төндірмейтін, жұқпалы аурулардан таза болған жағдайда стерилизациялау жүргізіліп, құтырма мен обаға қарсы егілгеннен және құлақтарына сырға салынғаннан  кейін ұсталған жеріне жіберіледі (қызыл сырға- стерилизация жасалған, жасыл сырға-вакцина егілген).

Үй жануарларын тіркеуге алу жүргізіледі, иелері есебінен қаржыландырылады, тек әлеуеті төмен отбасыларға бюджет есебінен жүргізіледі. Осы жинақталған есептерді әр тоқсан сайын аудандар жолдайды, облыс жинақтап, уәкілетті органға жібереді, олар өз кезегінде деректер қорын жүргізеді. Заңның бұл нормасы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің» 407-1 бабына сәйкес қылмыстық белгілері болмаса жеке тұлғаларға 5, лауазымды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, екі есеге ұлғайтылады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.