«Ашық НҚА» порталынан құжаттардың «жоғалуына» қатысты
«Ашық НҚА» порталынан мемлекеттік құжаттардың жоғалғаны туралы БАҚ-тағы жаңалықтарға байланысты Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мынаны хабарлайды.
«Ашық НҚА» порталы – «Ашық үкімет» экожүйесінің бес модулінің бірі. Пайдаланушылар ашық түрде талқылай алуы үшін онда заң жобаларының тұжырымдамалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.
Талқылау аяқталған кезде порталда азаматтардан келіп түскен пікірлер және олар бойынша тиісті мемлекеттік органның түсініктемелері туралы есеп автоматты түрде құрылады.
Үкімет қаулыларын келісу мен бекітудің одан арғы рәсімдері «Ашық НҚА» порталының қатысуынсыз жүргізіледі.
Бұдан басқа, Үкімет қабылдаған қаулылар «Ашық НҚА» порталында орналастырылмайды. Олар ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізіліміне және ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Әділет министрлігіне жіберіледі. Осыдан кейін adilet.zan.kz сайтына орналастырылады.
Сондай-ақ қабылданған қаулылар ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында (primeminister.kz) Құжаттар – Үкімет қаулылары бөлімінде (мұрағат 2011 жылдан бастап қолжетімді) орналастырылады.
Дәл осылай «Ашық НҚА» порталында кеңейтілген іздеу арқылы («мұрағат» белгісімен) барлық НҚА жобаларын, соның ішінде талқылау рәсімі аяқталған жобаларды табуға болады.
«Ашық НҚА» порталының «мұрағат» бөліміндегі НҚА жобаларының жойылмайтынын атап өту керек.
Осыған байланысты «Ашық НҚА» порталынан мемлекеттік құжаттардың жоғалғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтемі
[xfvalue_img]