Жеке құрам вакцинацияның төртінші кезеңін қабылдады.
Елімізде тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.
Мұны COVID-19 – дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады.
Ақпарат легіндегі деректерге сүйенсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 2257 адамнан анықталды.
Елордамыз сары аймаққа өтті. Сондықтан, өңірлерде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың 4-кезеңі басталды.
Осыған орай, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторы қызметкерлері Qaz Vac вакцинациясын алуда.
Тергеу изоляторының қауырт жұмысына байланысты, мекемеге № 6 қалалық емханасынан арнайы маман шақыртылды. Арнайы контигентпен тікелей жұмыс жасайтын жеке құрам уақыт тауып, кезекпен төртінші екпені қабылдауда.
- Мен вакцинацияның төртінші кезеңін алдым. Елімізде короновирустық инфекцияның әртүрлі сыйпатта таралуына байланысты, Qaz Vac вакцинациясын өзім және жақындарымның денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылдадым.
Емхананадан келген вакцинатор дәрігер Охотова Айгүл 3 күнге дейін суға түспеуім керектігін ескертті - деді, мекеменің кинолог маманы әділет аға сержанты Ғ.Томаев.
[xfvalue_img]