Сотталғандармен тренинг өтті
12.07.2022 жылы Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға психолог маман «Өмірлік мақсат қою дағдысын қалыптастыру және оңтайлы қарым-қатынасқа бейімдеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингке арнайы «Жігер» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің психологы Тлеуова Жаңагүл қатыстырылды.
Бұл тренингтің мақсаты, сотталғандардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту болып табылады.
Тренинг барысында сотталғандармен «Есімдер», «Сәлем, бұл мен..», «Өмірлік позияция», «Футболкадағы қолтаңба» атты төрт жаттығу түрі өткізілді.
Тренинг соңында Жаңагүл Тлеуова «Адамның таңдаған жолы ұлы болмайды, оны ұлы ету де тек адамның өз қолында екенін естен шығармай, жақсы-жаман қасиеттерімізді таразылай білгеніміз жөн.Сондықтан өздеріңізді құрметтеп, бір –бірлеріңізге жылы, жақсы сөздер айтып, сабырлы болыңыздар»,- деді.
Өткізілген іс-шараның соңында сотталғандар емін-еркін пікір алмасып, заңгер мен психолог маманға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]