Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар
Бас Прокурордың 13 маусымдағы бұйрығымен Қостанай облысы прокуратурасы органдарының басшылары тағайындалды.
Қостанай қаласының прокуроры болып әділет кеңесшісі Кәрімов Ринат Әбілхасымұлы тағайындалды.
Р.Ә. Кәрімов – бұрын Қостанай ауданының прокуроры қызметін атқарған.
Қарабалық ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы Қарабалық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: Қостанай облысы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (2011-2012), Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары (2012-2015), Қостанай облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы (2017-2019), соңғы лауазымы Қостанай ауданының прокуроры (2019 – о.у.д.).
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 18 жылдан астам.
Қостанай ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Сәрсенов Ерлан Нұрқанұлы тағайындалды.
Е.Н. Сәрсенов – бұрын Қостанай қаласының прокуроры қызметін атқарды.
Денисов ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2008 жылы Нұр-сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: «Сарыарқа» ауданы прокуратурасы Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (2009), Көкшетау қаласы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы (2011-2012), Орал қаласы прокурорының орынбасары (2016-2017), Қостанай облысы прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы (2017-2019), Қостанай қаласының прокуроры (2019- о.у.д.).
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 14 жылдан астам.
Жітіқара ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Күзбаев Мейрам Жақсылықұлы тағайындалды.
М.Ж. Күзбаев – бұрын Ұзынкөл ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Сарыкөл ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қостанай облысы бойынша басқармасының прокуроры қызметінен бастады.
Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: Қостанай облысы прокуратурасы Тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы (2011-2012), Қостанай облысы прокуратурасы Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы (2014-2017), Қостанай облысы прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары (2017-2019), Қостанай облысы прокуратурасы Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы (2019-2020), Ұзынкөл ауданының прокуроры (2020-о.у.д.).
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 17 жылдан астам.
Ұзынкөл ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Сағынаев Азат Нәбиұлы тағайындалды.
А.Н. Сағынаев – бұрын Қостанай облысы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2006 жылы Әулиекөл ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: Қарасу ауданы прокурорының орынбасары (2013-2014), Арқалық қаласы прокурорының орынбасары (2014-2018), Қарабалық ауданы прокурорының орынбасары (2018-2019), Қостанай облысы прокурорының аға көмекшісі (2019-н.в.).
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 15 жылдан астам.
Қостанай облысының прокуратурасы
[xfvalue_img]