ҮЕҰ-ға КӨМЕК: ҚОҒАМДЫҚ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТПЕН АРНАЙЫ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Аntikor ortalygy" сервитік орталығы алаңында мүгедек балалар құқығын сақтау мәселелері бойынша диалог алаңы ұйымдастырылды.
Азаматтық белсенділер сөзі бойынша инфрақұрылымдардың жоқтығы, осы және өзге де қызметтерді алу процедураларының қиындығы және осы саладағы басқа да проблемалар жылдан жылға талқыланып келеді, алайда мәселелер әлі ашық күйінде қалып отыр.
Өзара әрекет мәселесі тұрған жерінен ілгері жылжуы үшін азаматтық белсенділер жергілікті Антикорға жүгінді. Диалог алаңы шеңберінде білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік органдар өкілдері қоғамдық сұрақтарына жауап берді және аталған проблемалар шешімі бойынша өз ұсыныстарын енгізді.
Кездесу барысында қатысушылар мүгедек балаларға арналған тегін секциялар мен шығармашылық үйірмелердің жоқтығы, балаларды жазуға арналған Malahit24 порталының жұмыс сапасы, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мамандардың жалақысының төмендігі және мүгедек балаларға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету бойынша басқа да проблемалар талқылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгінгі күні «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған. "Аntikor ortalygy" сервистік орталығының жұмысы бұған куә болып табылады. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық саласындағы мұндай диалог алаңдары бірлескен және конструктивті шешім табуға мүмкіндік береді» - деп әңгімеледі шара барысында Антикордың превенция басқармасының басшысы Рүстем Болат. – «Жыл басынан бастап бізге Антикор алаңында диалог алаңдарын өткізу қажеттілігі туралы азамат белсенділерінен өтініштер қатары келіп түсті. Бұл бәрінен бұрын азаматтардың біздің қызметке деген сенімін білдіреді, бұл біз үшін жұмысымыздың ең басты көрсеткіші болып табылады. Әрине, біз қоғамның мемлекеттік органдармен диалог құруына көмек көрсетуден бас тартпаймыз, бұл бәрінен бұрын тек проблемалар шешімін ғана табу емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою».
Ұйымдастырушылар сөзі бойынша мемлекеттік органдардың әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуі туралы ақпараттың жарияланымдығы мен тазалығы азамат қоғамдығының конструктивті мүмкіндігін туғызады және тұрғындар мен шенеуніктердің артық байланысы қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, қатысушылар өткен дөңгелек үстел қоғамдық мәселелерге жауабын беріп, ерекше санаттағы азаматтардың заңды құқықтарын жүзеге асыру мәселелері бойынша конструктивті пікір алмасудың іргетасы болмаса, бастау нүктесі болады деген үміттерін білдірді.
[xfvalue_img]
15 пікір