Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар қала жастарымен бірге спорттық сайысқа түсті
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы және Астана аудандық пробация қызметтері облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, қала жастары және пробация есебінде тұрған сотталғандар арасында "Дені саудың - жаны сау" тақырыбында эстафеталық спорттық іс-шара ұйымдастырды.
"Өңірдегі №4 облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің қолдауымен өткен іс- шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық дағдыларды қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады",- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.
Тартысқа толы ойын нәтижесімен, 1- орынды жас спортшы балалардан құралған ОСДЮШОР №4 командасы жеңіп алса, 2- ші және 3- орындарды Ақтөбе қаласы Алматы ауданы пробация есебінде тұрған сотталғандардан құралған "Тұмар", "Сұңқар" командалары ұтты.
Ал 4- орынды Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация есебінде тұрған сотталғандардан құралған "Арлан" командасы қанжығасына байлады.
Сайысқа қатысушы барлық командалар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
[xfvalue_img]