«ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
2021 жылғы 4 маусымда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Архат Бейсембаев "Шығыс" өңірлік гарнизонының қолбасшылығымен, әскерлер командирі генерал-майор Асан Жүсіповтың және өңірлік қолбасшылықтың барлық басшылық құрамының қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесу әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту мақсатында өткізілді.
Өз сөзінде облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаудың негізгі себептері туралы айтып берді және өңірдің Қарулы Күштеріндегі қылмыстар бойынша нақты мысалдарды көрсете отырып, қылмыстық істердің статистикасын келтірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту жөніндегі заңнамалық новеллаларды егжей-тегжейлі түсіндірді.
Ол сондай-ақ қатысушыларға облыстың қорғаныс саласындағы жоғары лауазымды басшылар жасаған, негізінен парақорлықпен, ұрлықпен байланысты қылмыстық істер, орындалған жұмыстар актілеріне қол қою және кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай қаражат аудару кезінде жасалған қылмыстық істер туралы мәліметтерді атап өтті.
Талдау әскери бөлімдер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністері әскери бөлімдердің жауапты басшылары мен үйлестіруші бөлімшелері тарапынан құқықтық мәдениеттің төмендігі мен бақылаудың нашарлығынан туындағанын көрсетті.
Соңында А.Бейсембаев барлық қатысушыларды адалдық пен сатылмаушылыққа, әскери қызметтің абыройын сақтауға және қоғам мүдделеріне қызмет етуге шақырды.
[xfvalue_img]
7 пікір