Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту басты назарда
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіндегі 200-ге жуық сотталғанның 84 пайызы жұмыспен қамтылған.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы Бағлан Қалиевтің айтуынша сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде олардың жасына, денсаулық жағдайына, еңбекке қабілеттілігіне қарай жұмысқа тұрғызады. Соның негізінде бүгінгі таңда, сотталғандардың бірі машина жөндейтін орталықта, сымнан тор тоқитын цехта, енді бірі жиһаз жасайтын цехта жұмыс жасайды. Сотталғандарды еңбекке тарту негізінде, жалақылары арқылы қылмыс жасаған кезде келтірілген шығындарын өтейді. Сотталғандар тарапынан өндірістік нысандарда қауіпті оқиғаларды болдырмау, жол бермеу және техникалық қолданыс кезінде сақтық шараларының алдын –алуда мақсатында жұмыс беруші тарапынан техникалық қауіпсіздік бойынша сұхбат жүргізіледі.
Жуырда мекеменің сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімі «Барыс-2022» ЖШС-не тағы 6 сотталғанды жұмысқа орналастырды. Олар көшедегі арықтарды қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Арық тазалау жұмысын жасап жүрген Арман- жаңылып жаза басқандардың бірі. Ол жол-көлік оқиғасын жасап бес жылға бас бостандығынан айырылған. Жұмыс жасап, мемлекет алдындағы қарызын өтеп жатыр.
– Бостандықта жұмысым болды. Арық тазалау жұмысы маған еш қиындық тудырмайды. Өйткені өзімнің де бау-бақшам болған. Жұмысқа жасағалы қарызымнан құтылып жатырмын. Артылғанын туыстарыма жіберемін,-деді сотталған азамат.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]