Нұржан Нұрсипатов референдумға қатысудың маңызы туралы айтты
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаты Нұржан Нұрсипатов ұлттық қауіпсіздік органының, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің ардагерлерімен, сондай-ақ «Қазақстан Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті.
Сенатор шара барысында алдағы конституциялық референдум туралы егжей-тегжейлі айтып берді және еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер талқыланды.
«Конституцияға енгізілетін өзгерістер Парламентте емес, республикалық референдумда шешілетін болады. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асады. Алдағы референдум әрбір азаматқа жаңа Қазақстанды құру процесінде қабылданатын шешімге ықпал етуге мүмкіндік береді», - деді Нұржан Нұрсипатов.
Сенаттың Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]