Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамаловтың брифингте сөйлейтін сөзі
Қосымша білім беру бойынша
Облыстың 76 мектептен тыс мекемелерінде қосымша білім берумен 67796 (37,5%) қамтылған (2021 жылы – 66520(37,1%) оқушы (58 Мемлекеттік, 7 мемлекеттік емес мектептен тыс мекеме және 11 қала сыртындағы сауықтыру лагері).
Оның ішінде: Музыка мектептері – 10; Балалар көркемөнер мектептері – 2, Өнер мектептері – 15; Техникалық шығармашылық орталықтары – 6, Экологиялық – 2, Аула клубтары – 8, Туризм орталықтары –2, Балалар-жасөспірімдер орталықтары – 20.
2020 жылы Жамбыл ауданында «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығы» ашылса, 2021 жылдың желтоқсан айында Шу ауданында 600 орындық «Оқушылар сарайы» ашылды. 2022 жылдың мамыр айында Тараз қаласындағы «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығына» қосымша ғимарат (пристройка) құрылысы аяқталып, «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы болып атауы ауысып, пайдалануға берілмек.
Облыстағы 36 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 25126 (11,0%) бала түрлі спорт секцияларымен қамтылған.
Жалпы білім беретін мектептерде 132044 оқушы (55,0%) қызығушылықтары бойынша үйірмелердің әр түрімен шұғылданады.
Жалпы білім беретін мектептердің 3543 спорт секциясында 101356 оқушы қамтылған (42,4 %).
Жалпы 2021-2022 оқу жылында облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрлерімен қамтылған оқушылардың үлесі 83,7% - ды құрайды.
[xfvalue_img]
21 пікір