«AMANAT» партиясының мәжілісмендері өңірлердегі сайлаушылармен алдағы референдумның маңыздылығын талқылауда

«AMANAT» партиясының мәжілісмендері өңірлердегі сайлаушылармен алдағы референдумның маңыздылығын талқылауда

«AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшелерінің өңірлердегі кездесулері жалғасуда. Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаттары сайлаушылармен алдағы референдумның маңыздылығы мен оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы талқылады.

Депутаттар халықпен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығына тоқталды. Оның басты мақсаты – нақты саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, қазақстандықтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту.

Елордада Мәжілістің вице-спикері Павел Казанцев, депутаттар Лариса Павловец, Саясат Нұрбек және Динара Зәкиева «Астана-Тазалық» компаниясы кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

Депутат Лариса Павловец өз сөзінде 5 маусымда өтетін референдумда әрбір қазақстандық елдің табысты болашағын құру жолында нақты атсалысуға мүмкіндік алатынын атап өтті.

 «Ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстанның болашағын айқындайтын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылданады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек», – деді Мәжіліс депутаты Лариса Павловец.

Сондай-ақ депутаттар еліміздің Ата заңына енгізілетін нақты нормалардың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, олар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді қамтамасыз ету, сайлау жүйесін реформалау мен жаңа саяси партиялардың құрылуы.

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT»  фракциясының мүшелері  Айгүл Нұркина, Вера Ким және Анатолий Бойчин Павлодар облысында білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен, сондай-ақ Павлодар қаласы трамвай басқармасының ұжымымен кездесті.

«Референдум Қазақстан халқы үшін өзінің саяси кемелдігі мен жауапкершілігін көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Бұл реформалар айтулы өзгерістерге апарады. Менің өмірімде референдум бірінші рет болғалы тұр. Жалпы жанұяммен бұл іс-шараға барамыз деп жоспарлап отырмын, –  деді кардиологиялық орталықтың дәрігері Думан Изгутдинов.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.